Қылмыс/Оқиға

Ұшақ бортында жолаушы әйел қайтыс болды

5
(3)

Жолаушы Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке ұшып шыққан. Qazaq Air әуе компаниясының баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке бағыт алған ұшақ салонында әйел жолаушының қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Оқиға 14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы рейсте болған. Ұшу кезінде салон экипажы жолаушының науқас екені және шұғыл көмекке мұқтаж екені туралы ақпарат алған. Бортсерік жолаушының жанына барғанда ол ес-түссіз болған.

«Тексеру кезінде тамыр соғысы (пульс) мен тыныс алу белгілері болған жоқ. Ұшақтың командиріне мәлімет беріліп, жолаушылар көмекке шақырылды. Жолаушылар арасында болған дәрігер үндеуге құлақ асып, нұсқаулық бойынша бортсерікпен бірге жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді», – деп Qazaq Air баспасөз қызметі оқиғаны баяндады.

Осы жағдайдан кейін ұшақ командирі жақын маңдағы әуежайға қону туралы шешім қабылдаған. Экипаж әуе диспетчерлері арқылы жедел жәрдем шақырған. Жезқазған қаласының әуежайына келген дәрігерлер жолаушының көз жұмғанын ресми хабарлаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button