ӘлемдеҚылмыс/Оқиға

15 қырғызстандық бензин құйып, өзін-өзі өртейтіндерін мәлімдеген

5
(1)

Аламедин ауданы Пригородный ауылының айыл оммоту ғимаратында 15 әйел өзін-өзі өртеуге дайын екендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  NewTimes.kz – ке сілтеме жасап.
Бұл туралы наразылық акциясына қатысушылардың бірі хабарлады.

Оның айтуынша, 3 жыл бұрын әйелдер жеке тұлғалар мен коммерциялық банктерден пайыздармен ақша алған, бірақ несиелерді уақытында төлей алмаған.

Акцияның барлық қатысушысы жалғыз басты аналар болып табылады және 3 жыл ішінде жиналған пайыздық қарыздарды жоюды талап етеді. Олар айыл окмоту ғимаратына газ баллонын әкеліп, үстіне бензин құйған.

Айта кету керек, полиция мен ТЖМ қызметкерлері ғимаратты қоршап алған.

Осыдан кейін, орынға Ұлттық банк өкілдері келді. Алайда әйелдер олармен сөйлесуден бас тартты.

Біз Ақ үйге митингке шықтық. Содан кейін кездесуге Ұлттық банктің өкілдері келді. Алайда олар біздің мәселемізді шешкен жоқ», – деді әйелдердің бірі Гүлшах Исақова.

Әйелдер бұл жерге Премьер-министр Ұлықбек Мәріпов пен БҰҰ өкілдері келуін талап етеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button