Қылмыс пен оқиға

Сұмдық! Әкесі үш баласын асып өлтіріп, соңынан өзі асылып қалған

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам үш баласын асып өлтіріп, соңынан өзіне қол салған, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Қайғылы жағдай 11 желтоқсанда болған. 1984 жылы туған ер азамат үш баласын өлтіріп, артынан өзі өледі. Балалар 2014, 2018 және 2022 жылы туған.

Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 нөміріне хабарласқан куәгер терезе арқылы үш баланың асылып тұрғанын көріп, бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары терезені шағып, ішке енгенде, шпагат жіпке асылып тұрған ер адам мен үш баланы көреді. Жедел жәрдем қызметкерлері олардың қаза тапқанын растады.

Сондай-ақ полицейлер марқұмның өлер алдындағы әйеліне жолдаған аудиохабарламасын тапты. Онда ер азамат өзіне қол салатынын және балаларды өзімен бірге ала кететінін айтыпты.

Болжам бойынша, марқұм мұндай қатыгездікке әйелі ажырасамын дегеннен кейін барыпты. Бұл дерек ҚК 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: liter.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.