АқтөбеҚылмыс/Оқиға

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері сотталды

0
(0)

Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкері алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды. 

Сот 2019 жылғы шілдеде Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері ЖШС иесін салықтар мен өсімпұлдарды азайту мәселесін реттеу үшін пара беруге итермелегенін және оның 60 миллион теңге сомасындағы ақшасын иемденгенін анықтаған.

«М-ның кінәсі жәбірленуші, куәгерлер айғағы, тергеу, жедел-іздестіру шаралары хаттамасымен, сот сараптама қорытындысымен расталады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұл ауыр қылмыс. ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігінің санкциясы – 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бұл аса ауыр қылмыс.

Сот шешімімен жаза тағайындау кезінде қызметкердің қабылдаған анттын бұзғаны ауырлататын жағдай деп танылды. Осыны ескере отырып, айыпталушы ең жоғары қауіпсіздік (қатаң режим – ескерт.) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға тағайындалды»,- делінген сот хабарламасында.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button