Қылмыс пен оқиға

Төсектес болуды ұсынды: қос судья арасындағы дау

«Қысым көрдім, қорландым!» Қызылорда облысында қос судьяның арасында туындаған қызметтік жанжал күннен-күнге ушығып барады. Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбай басшысына қатысты әртүрлі іс әрекеттер жайында ашық әңгімелеп берді. Оның сөзінше, аудандық сот төрағасы Марат Күздеубаев жалғыз басты әйелге «төсектес» болуға ұсыныс білдіріп, болмаған соң, өмірін тозаққа айналдырып жатқан көрінеді. Осы күні қазылар арасындағы текетірес Жоғарғы сотқа дейін жеткен. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлнұр Құрманбай Шиелі аудандық сотында 8 жылдан бері судья қызметін атқарып келеді екен. Әртүрлі істерге қазылық етіп жүрген ол 2017 жылы сот төрағасы болып Марат Күздеубаев тағайындалысымен, қызметінде қиындықтар туындай бастағанын айтады.

Гүлнұр ҚҰРМАНБАЙ, Шиелі аудандық сотының судьясы: «Ол кісі маған кәдімгідей ашық түрде тиісті. Күн көрсетпеді. Маған орысша айтқанда любовница болмадың деген негізбен істеріме тиісіп, жаңа жылдарда болмаса жұмысқа келмеген кезде сіз келмедіңіз, қайда болдыңыз дегендей сол секілді басқа әрекеттері бар енді мен оның бәрін подробности айтуға әйел атыма ұятты нәрсе. Намысыма тиеді. Ауыр ол».

Гүлнұр Құрманбайдың айтуынша, сот төрағасы қызметтік міндетін асыра пайдаланып, өзімбілермендікке де жол берген.

Гүлнұр ҚҰРМАНБАЙ, Шиелі аудандық сотының Судьясы:

«Лично айтамын, публично айтамын, менің кабинетімнің есігін бұзып, менсіз, келісімімсіз сөйтіп, істерді алып, менің атымнан компьютерде шешім жазып, оған қол қойып, оны тараптарға беріп, ол тараптар ол шешіммен келіспей, оған аппелациялық келтіріп, ол облыспен бұзылып келгенін мен білгенде аузым ашылып қалды. Менің айтарға сөзім жоқ».

Осылай деп шағымданған судья Гүлнұр Құрманбай басшының үстінен Жоғарғы сотқа арызданғанын айтады. Алайда, фемида өкілдері істі тексере келе ешқандай қылмыс құрамы жоқ деген шешім шығарыпты. Ал, Шиелі аудандық сотының төрағасы Марат Күздеубаев өзіне тағылған айыппен мүлдем келіспейді. Ол мұндай әрекетке судья Гүлнұр Құрманбайдың «менен кек алу мақсатына жасап отырған амалы» дейді.

Марат КҮЗДЕУБАЕВ, Шиелі аудандық сотының Төрағасы:

«Мен Шиелі ауданы тұрғындарынан судья Құрманбайдың заңсыз шешімдерінен кейін үйлері мен жерлерінен айырылып қалды деп шағымдар түскеннен кейін өзім тексеру жүргіздім. Содан судья Құрманбайдың ҚР азаматтық кодексінің бүкіл талаптарын бұза отырып, 20 дана заңсыз шешімдерін анықтадым. Судья Құрманбай тарапынан шешім шығару барысында заңсыздыққа жол берілгені туралы облыстық соттың төрағасына хабарлап, заң талаптарына сәйкес, шара қолдандым».

Төраға қол астындағы қызметкердің үстінен қылмыстық кодекстің 369 бабының 3-ші бөлігі және 418 баптың 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын және оның бұған дейін шығарған 20 шешімнің 10-ы бұзылғанын айтып берді. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі Гүлнұр Құрманбайдың өкілеттілігі Жоғарғы сот Төрағасының бұйрығымен екі айға тоқтатылғанын мәлімдеді. Енді жәбірленуші жақ Бас прокурорға шағымданбақшы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.