Қылмыс/Оқиға

«Бесінші сыныптың оқушысы баламды ұрып өлтірді!»

3.2
(12)

Бесінші сыныптың оқушылары баламды өлтірді! Құрдастары дәретханада ұрып-соққан жеткіншек ауыр жарақаттардың кесірінен бақилық болыпты.

Ер баланың ет жақындары осылай деп еңіреп отыр. Он жастан енді асқан оқушылардың қатыгездігін мектеп басшылығы біледі екен. Бірақ олар баланың өзі науқас болған деп, айды аспаннан бір-ақ шығарған. Білдей білім ордасындағы бассыздық пен кәмелет жасына толмаған ұлдардың жауыздығынан қан жұтқан жандар әділдік іздеп, жанайқайын жоғарыға арнамыз арқылы жеткізгісі келеді.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Қайғыдан қан жұтып отырған Гүлнара Маханова күні кеше 5-ші сыныпта оқитын баласын жер қойнауына тапсырып келген. Ұлының  тірісінде ұстаған заттарын көрген кезде еріксіз көзіне жаса ала береді. Марқұмның әжесінің айтуынша, өткен аптаның жұма күні баласын сыныптасы ұрып басын және бүйрегін ісіріп жіберген. Содан бастап балақай қатты қиналып, ыстығы көтеріліп ақыры соңында аурухана төсегінен о дүниеге аттанып кеткен.

ГҮЛНАРА МАХАНОВА,   ҚАЙТЫС БОЛҒАН ОҚУШЫСЫНЫҢ ӘЖЕСІ:

«Баламның кеше неден кейін көрсеттік. Врачқа апардық ғой кеше кешке. Басынан соққы алған дейді, қан ұйып қалған депті. Одан кейін тамыры қасылып қалған дейді. Бүйрегіде ісіп кеткен, мен өз көзіммен көрдім. Қиналғанда ол бір атала өз-өзін ұстай алмады. Бір атала нервштетіп, алқына берді. Енді ана бала өз өзін ұстай алмады».

Сондай-ақ, марқұмның ет жақындарының айтуынша, мектеп қабырғасындағы әлімжеттік көрсету тоқтамаған дейді. Яғни, бір-бірінен ақша жинап, қысым көрсетуден біраз оқушы зәразап болып жүргендерін жасырмайды. Енді айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалғандар мектептің басшылығына өкпелері қара қазандай.

«Апасы алып барады. Апараған кезде ауырып тұр десе, тәрбиешіге ана директорға апар дейді. Ол қалай көмек бермейді. Ауырып тұрған адамға көмек беру керек ғой бұлар. Медсестрасы көмек бермеген».

Ал, мектеп басшылығы болған жағдайдан ат тондарын ала қашып отыр. Қайтыс болған баланың онсызда ауырып жүргенін айтып, білім ордасы таяқ жегенін үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ, директор  мектептегі бейнебақылау камеларындағы жазбаны түрлі сылтау айтып кері айналдырып көрсетіп бере алмады.

УӘЛИХАН БЕСІМБАЕВ, Ж.ЕДІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Баланың ондай соққы болғандығы, ондай соққыдан неғылғандығы. Ол үшінші күні де, төртінші күні де, бесінші күніде мектепте болған. Дүйсенбі күні әжесі алып келген, сабаққа қатысып дүйсенбі күні соңғы сабақта баланың шамалы қызуы болып ағасы келіп мектептен алып кетеді. Міне, содан соң температурасы 39 көтеріліп, содан баланың судорогі ұстап, ауруханада көз жұмды деп айтып жатыр».

ҒАЛЫМЖАН КЕНЖЕБЕК, ТІЛШІ: «Алайда, қайтыс болған оқушының жақындары мектеп директорының айтқанымен мүлдем келіспейді. Себебі, олар  марқұм ұлдары соққы алғанға дейін  еш сыртқантанбағанын айтып отыр. Қазір таңда,  аталған жағдай бойынша полиция департаментінде тексеру басталып, сараптама тағайындалған. Яғни, алдағы уақытта заң аясында нақты шешім қабылданатын болады».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.2 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button