Қарағанды

Қарағандыда кафелердің бірінде төбелескен әйелдер ұсталды

Әр түрлі дене жарақаттарын алған жәбірленуші медициналық мекемеге жүгінді.

10 мамырда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне қала орталығында орналасқан кафелердің бірінде әйелдер төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің жасағы жетті. 40 жастағы жәбірленуші белгісіз екі әйелмен ұрысып қалып, арты төбелеске ұласқанын айтты. Бейтаныс әйелдер бұзақылық ниетпен әйелді ұрып, содан кейін қашып кеткен. Әр түрлі дене жарақаттарын алған жәбірленуші медициналық мекемеге жүгінді. Кафеде орнатылған бейнекамеранының жазбасы арқылы полиция жанжалды нақты кім бастағанын анықтады.

Полиция қызметкерлері 33 және 30 жастағы екі жас әйелді ұстады. Олар кінәсін мойындап, ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.