Қылмыс/Оқиға

Теміртауда ЖЭО-да төтенше оқиға болды: екі адам зардап шекті

0
(0)

Теміртауда ЖЭО-2 механикалық цехының шеберханасында ішінде бояу бар ыдыс жарылды. Екі қызметкер ауруханаға жеткізілді. 

«АрселорМиттал Теміртау» хабарлауынша, 11 наурызда цехте балқытып біріктіру жұмысы жүріп жатқан. Сол кезде жалын шықты. Темір ұстасы мен жөндеуші алшақ кетіп үлгермеді. Кәсіпорында жөндеу жұмыстары тоқтатылды.

Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Боран болғандықтан Қарағандыға жіберілген жоқ. Білікті дәрігерлер Теміртауға барды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«1971 жылы туған пациентте: дененің 25%-інің күю, III А, Б дәрежесі. Екінші адамның денесінің 90 процентін күйік шалған, III Б, IV дәрежесі. Бұл ауыр, терең күйік. Теміртау орталық ауруханасына реаниматолог, комбустиолог және күйікті емдеумен айналысатын мамандардан құралған арнайы бригада жіберілді», – деді  Х. Мақажанов клиникасының травматологы Ерік Шонбаев.

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті оқианың себебіне алдын ала болжам жасады. Отпен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздік ережелері бұзылуы мүмкін.

Төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бас мемлекеттік инспектор өкімімен комиссия құрылды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button