Президентті өлтірем деп дарға асылды

 416 

Бангладештің бірінші президенті Миджибур Рахманды өлтіруге қатысқан Абдул Маджет сәуірдің 11-нен 12-не қараған түні дарға асылды, деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Iz.ru-ға сілтеме жасап. Бұл туралы елдің әділет министрі Анисула Хаканың мәлімдемесі Bangladesh Sangbad Sangstha агенттігінде жариялаған.
Рахман 1975 жылы сәуірдің 15-і күні елдегі төңкеріс кезінде өлтірілген. Оған қатысқан офицерлер 1998 жылы өлім жазасына кесіліп, оның бесеуі 2009 жылы дарға асылған. Ал 24 жыл бойы жазадан қашып жүрген Маджет сәуірдің 8-де тұтқындалған. Үш күн бұрын президент Абдул Хамид қылмыскерді кешіру туралы арызын кері қайтарған. Маджеттің мәйіті жерлеуге отбасына қайтырылады.
Еске сала кетсек, Миджибур Рахман 1920 жылы бенгалдық Тонгипара ауылының мұсылман отбасында туған. Жас кезінен Пәкістанның тәуелсіздігі үшін күрескен. 1970 жылындағы парламентке сайлау кезінде Пәкістан халық партиясы жеңіске жетеді. Алайда Сол кездегі президент Яхья хан өткен сайлаудың нәтижелерін жоққа шығарады. Осылайша Пәкістанда азаматтық соғысы басталды. Кейіннен Бангладеш тәуелсіздігін жариялаған соң, Муджибур Рахман премьер-министрі болып, ал 1972 жылы Бангладештің президенті болып сайланады.
Рахман 1975 жылы Даккадағы резиденциясында әйелі және үш баласы, сондай-ақ жиырма шақты отбасы мүшелерімен бірге өлтіріледі. Тұңғыш президенттің екі қызы, сол кезде Германияда болғандықтан аман қалған. Бір қызы бүгінде Бангладештің премьер-министрі Шейх Хасина.

Бөлісу: