Қылмыс/Оқиға

Азық-түлікке кеткен ұлы үйіне «жаңа келінмен» оралған

0
(0)

Үндістанның Уттар Прадеш штатындағы Газиабад қаласының тұрғыны азық-түлікке кетіп, үйіне әйелімен оралған. Жігіт анасына бөтен қызды ертіп келіп, жұбайы екендігін таныстырған.

Кейін белгілі болғандай, бір-екі ай бұрын екі жас жасырын түрде некесін қиған. Екеуі жалдамалы пәтерде өмір сүріп жүрген. Алайда пәтердің иесі коронавирус індетінен қорқып, жалданып тұрған жастарға үйін босатуын талап еткен. Осылайша жігіттің жары көшеде қалған. Анасына жаңа келінді таныстыру керектігін түсінген жігіт үйіне ертіп әкелген. Алайда анасы бұндай некені қабыл алмайтынын айтып бас тартқан.
Ақырында жас жұбайлар көшеде үйсіз қалған.

Жергілікті басылымдармен қоса, полиция қызметкерлерінің араласуына тура келген. Жергілікті билік өкілдері жас отбасының әлгі жалдамалы пәтер иесіне өтініп, біраз уақыт сонда тұруын сұранған. Ең болмағанда, енесі жаңа келінді қабылдаған уақытқа дейін тұруына келіскен екен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close