Футболшы коронавируспен ауырған 5 жасар баласын тұншықтырып өлтірген

 652 

Түріктің Бурса Йылдырым клубының футболшысы Сехер Токташ коронавируспен ауырған баласын, өзі тұншықтырып өлтірген. Ол өзінің қылмысын 11 күннен кейін ғана мойындаған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі nv.ua-ға сілтеме жасап.

23 сәуірде баланың дене қызуы жоғарылып, жөтел болғандықтан COVID-19 симптомдары бар деген болжаммен әке мен бала екеуі ауруханаға жатқызылып, екі аптаға оқшауланған.
Біраз уақыттан соң, Токташ баласының тыныс алуы қиындағанын хабарлап, дәрігерлерді шақырады. Дәрігерлер баланы интенсивті терапия бөлімшесіне ауыстырады. Алайда 5 жасар бала екі сағаттан соң көз жұмады.

Коронавирус белгілері болған бала жұқпалы індеттен көз жұмды деп тіркеледі. Арада 11 күн өткен соң, Токташ полицияға барып, өз баласын жастықпен тұншықтырып өлтіргенін мойындаған.
Футболшы ешқандай психикалық ауытқуларының жоқтығын, баланы өлтірген себебін жай жақсы көрмегендіктен екенін айтқан.

«Мен шалқасынан жатқан балаға жастықпен басып, 15 минуттай басып тұрдым. Менің балам сол уақыт аралығында барынша қарсылық білдірді. Ол қимылдағанын тоқтатқан кезде жастықты көтердім. Сосын менен күдіктенбеулерін айтып, дәрігерлердің көмектесуін сұрадым»,- деген ол өз арызында.
Бүгінде өз баласын өлтірген қаскөй әке қамауға алынды. Енді ол өмірбойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:


Және де: