Қылмыс пен оқиға

Құдай сақтасын! Алматыдағы күзетші мешіт ішінде 18 жастағы жігітті зорлаған

Күдікті бұл әрекеті үшін бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жігіттің айтуынша, күзетші оны мешіттегі бөлмесіне апарып, қол-аяғын байлап, жыныстық зорлық жасаған.  

Алматының Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбарак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы адвокат Айман Омарова Facebook-те хабарлады деп жазады sputnik.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

«Мен Бостандық ауданының полиция басқармасында жүрмін. Біз есеңгіреп қалдық. Мұнда күзетші жыныстық зорлық көрсеткен бозбала мен оның анасы келді. Бұл жағдай Нұр-Мүбарак мешітінде болған. Жігіт 18 жаста, оның дамуында сәл-сәл кідіріс бар, алайда ол қабілетті және не болғанын бүге-шігесіне дейін айтып берді», – дейді Омарова.

Жас жігіттің айтуынша, «күзетші оны мешіттегі бөлмесіне апарып, қол-аяғын байлап, ұзақ уақыт бойы ұстап, азғындық әрекетке барған. Ол мұны бірнеше рет жасаған, деді Омарова.

Алматы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл факт бойынша арыз Бостандық аудандық полиция басқармасына 8 шілдеде түскенін хабарлады.

«Ол Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті 1975 жылы туған,  дереу ұсталды. Қазір ол полиция басқармасында. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр», – деді ПД.

Күдікті бұл әрекеті үшін бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.