Қылмыс/Оқиға

Оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен

0
(0)

Оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап түсті, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Mgorod.kz.-ке сілтеме жасап.

Оқиға 9 мамырда сағат 04.20-да Строитель шағын ауданындағы 9 қабатты үйде болған. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2004 жылғы мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап түскен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, іші, кеудесі жарақаттанып, қабырғасы сынған. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленуші мас болған. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button