Қылмыс/Оқиға

Өлі күйінде табылған жамбылдық шенеунік өзін-өзі өлтіргені рас па?

4
(1)

Жамбыл облысының Қаратау қаласындағы аялдамалардың бірінен аудандық әкімдік қызметкерінің өлі денесі табылды. Полицейлер 1983 жылы туған азаматтың ажалы атыс қаруынан болғандығын айтып отыр. Оны біреу атқандығы не болмаса өз-өзіне қол жұмсағандығын енді тергеу шаралары анықтайтын болады. Марқұм Талас ауданы әкімдігіне қарасты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған. Оқиға орнында 12 калибрлі қосауыз мылтық табылыпты. Қару марқұмның өзіне тиесілі болған. Сондай-ақ, белгісіз жағдайда қаза болған қызметкердің автокөлігінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қозғаған қылмыстық іске қатысты протокол көшірмелері табылыпты. Ол оқиға болатыннан бір күн бұрын куәгер ретінде сұрау алуға шақыртылған екен. Әкімдік қызметкерінің өліміне қатысты істің ақ-қарасын анықтау үшін тергеп-тексеру амалдары басталды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

ЕЛЖАН КҮМІСБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ: «Аталған дерекпен ҚР ҚК 105 бабы өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша өылмыстық іс қозғалды. Барлық сот сараптамалары тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін қылмыстың істің басқа мән жайлары жария етуге жатпайды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button