Қылмыс пен оқиға

Қазақстанда заңсыз есірткі тасымалдаған 961 адам сотталды

Қазақстанда биыл алғашқы жартыжылдықта 4 тоннаға жуық есірткі, психотроптық заттар тәркіленген, деп newsroom.kz хабарлайды Halyq Uni. сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәліметінше, биыл нақты айтқанда 3 тонна 737,7 келі есірткі және психотроптық заттар (2021 жылы 16 тонна 119,6 келі, 2022 жылы 15 тонна 950,3 келі) тәркіленген.

Сонымен қатар, биыл алғашқы жартыжылдық есепке сәйкес, контрабандалық жолмен келген есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын алудың 87 фактісі, былтыр 182 іс тіркелген.

2023 жылы есірткіге байланысты сотқа дейінгі 2 570 іс тіркеліп, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін 961 адам сотталды, – делінген баспасөз хабарламасында.

Ал Бас прокуратурада 2021 жылы Ауғанстан билігі ауысқан сәттен бастап Қазақстанда есірткіні тасымалдау қаншалықты өзгерді, сондай-ақ оны тасымалдаудың қандай түрлері болғаны туралы мәліметтер жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.