Қылмыс пен оқиға

Сұмдық! Зейнеткерді тірідей өртеп жіберген кімдер?

Жантүршігерлік оқиға Шымкенттен небәрі 30 шақырым жердегі Сайрам ауданында болды, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, мұндай қатыгездікке баруына екі ер адамның екеуара жанжалдасуы себеп болған. Төбелесіп таяқ жеген ер адам ашуланып, өшін алу үшін бензин алып келген.

Терезені сындырып, аулада айқай салған. Сол сәтте үйден зейнеткер әйел аулаға шыққан. Ішімдік ішкен ер адам оған бензин шашып, өртеп жіберген.

Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті де ұсталды.

Олардың біреуіне қатысты ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот шешімімен ол кепілге жіберілді.

Екіншісіне қатысты ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді полицейлер.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.