Қылмыс пен оқиға

Белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаев ұсталды

Оппозиционер Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды

Алауыздықты қоздырғаны үшін сырттай сотталған белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлады Newsroom.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап

Turkystan.kz  мәліметіне сүйенсек, ол Киевтен ұшып келген сәтінде Алматы Халықаралық әуежайында қолға түскен.

«Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нарымбаев әлеуметтік желілер арқылы өзінің Қазақстанға келетінін, бірақ елге жеткен бетте-ақ әуежайда ұсталатынын мәлімдеген болатын. Бәрі сол айтқанындай болды.

Нұрлан Әлинұр

turkystan.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.