Түркістан облысында күйеуі әйелін көшеде балталап тастады

 277 

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында күйеуі өз әйелін көшеде кетіп бара жатқан жерінде балталап тастаған, деп хабарлайды Отырар порталы.

Басы мен қолы жараланған 46 жастағы әйелдің бір көзі көрмейді. Емханада медбике болып істейтін Әлия, екі аптадан бері үнемі ұрып-соғатын күйеуінен кетіп, қыздарымен бөлек үйде тұрып жатқан.

«Жұмысқа шығып келе жатқанымда күйеуім Матқұлов Мұрат мені балталап тастады. Сөзге келмейді, өлтіремнен басқаны айтпайды. Сонымен 15 жыл оттасып, 16 жылдан бері көргенім осы. Тек зорлық пен зомбылық. Жақындама маған, не болды саған, тыныштық па десем «сөйлеспеймін, сені өлтірем, сені өлтірем» деп балталап тастады мені», – дейді жәбірленуші.

Көп қан жоғалтып, тым ауыр жағдайда түскен Әлияның тірі қалуы үшін дәрігерлер жарты күн ота жасапты. Ол үшін санавияция желісімен облыстан бірнеше дәрігер алдырылған.

«Басына оң жағына енді «рубленый рана» дейді ғой балтамен шабылған деген. Сол үлкен жара, шабылған жара. Сосын қолына, оң қолына білек жері кесілген жарақаты, 5-ші саусақ «открытый переломмен». Оның бәрі тігіліп, орнына қойылды», – дейді Келес аудандық ауруханасы жарақаттану бөлімінің меңгерушісі Рүстем Раисов.

Күдікті қолға түскен. Оның балтасы мен бірге өзінен де сараптама алынған, тергеліп жатыр. Әлия Әйтімбетованың туыстары бұл істі прокуратура ерекше қадағалауға алғанын қалайды.

«Ажырасып та көрді бұнымен. Әйтеуір 2 қызы жетім болмасын, осылар әкесі жоқ боп өспесін деп, жалынып келгеннен кейін Құран ұстап бізге ант-суын ішкеннен кейін жарастырып едік. Осы уақытқа дейін жазаланбады ғой бұл. Неше рет ұрды, басқа қылды. Енді осыдан құтылып кетпесін, әділдігін алсыншы бұл (Әлияның күйеуі – авт.)», – дейді жәбірленуішінің жеңгесі Жанар Әйтімбетова.

Отбасындағы екі қыз да әбден шошып қалған. Оқушыларға психологтың көмегі керек.

Бөлісу:


Және де: