ҚарағандыҚылмыс/Оқиға

Қарағандылық кәсіпкерлер бас санитар дәрігерді сотқа берді

3.4
(5)

Қарағандылық кәсіпкерлер өңірдің бас санитар дәрігерін сотқа берді. Олар соттан шектеу шараларын күшейту туралы бұйрықты заңсыз деп тануды сұрайды.

Өйткені карантин күшейтілгенімен, қауіпті кесел жұқтырғандар саны артпаса, азаймай тұр. Ал шектеу шаралары азаматтардың конституциялық құқығын бұзады дейді. Өйткені елдің жүріп-тұруы, еркін еңбек етуі мен балалардың білім алуына кедергі жасалған. Денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктер азаматтардың денсаулығын қорғау мен індетті жоюда атқарған істері мардымсыз екен. Шектеу шараларын бұзғандарға айыппұл салу жұмыссыз қалған жұртқа жығылған үстіне жұдырық болған. Осыған әбден ашынған кәсіпкерлер бас санитар дәрігердің қаулысының күшін жоюды заң жүзінде сұраудан басқа амалымыз жоқ дейді. Бірақ сотта жеңетініне өздері де сенбейді.

Ирина Фурсова, заңгер

Шенеуніктер бір жыл ішінде вирустың көзін жоюдың тәсілін таба алмады. Есесіне бәрін тұралатып тастады. Қашанғы қамалып отыра береміз? Шет елдердегі жағдайларға қарап біз де соны істейміз. Одан да шет мемлекеттермен шекараны жапсын да, ел ішіндегі індетті жойсын. Бизнеске кедергі болмасын. Қазір елдің әлсіреген экономикасын құтқаруды ойлау керек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button