Қылмыс/Оқиға

«Қазақалтыннан» құны 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

0
(0)

«Қазақалтын» тау-кен комбинатында тағы да ұрлық болды. Бұл жолы Жолымбет кенішінде  құны 122 миллион теңге тұратын сом алтынды белгісіз біреулер кеңсенің қабырғасын тесіп кіріп, қапшығымен алып кеткен.

Түнгі сағат екі шамасында әлдекімнің қабырғаны тесіп, қара қолғап киген қолымен алтын салынған қапшықты алып жатқаны таспаға түсіп қалған. Бұл екі қапшықтың бірінде алтын, екіншісінде күміс болған екен. Кәдімгі химиялық қоспалармен талай рет тазартылып сүзгіден өткізілген. Бағасы 122 миллион теңге тұрады.

Өткен аптада ғана осы «Қазақалтынның» 37 жастағы есепшісі 1 миллиард 533 миллион теңгені есеп шотына аударып алып, күйеуімен бірге  қашып кеткен еді. Қазір күдікті әйел  ұсталды. Енді аса ірі мөлшердегі қаражатты қағып кетуге көмектескен сыбайластары іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Жолымбетте жоғалған алтынды ұрлап кеткендерді де іздеуге кіріскен.

Гүлнәр Пинчук,Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі

Кәсіпорынға аса үлкен мөлшерде шығын келіп отыр. Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің «Ұрлық»бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді анықтау үшін кешенді шаралар ұйымдастырылып, криминалдық полицияның жедел- тергеу тобы іске кірісті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button