Қылмыс пен оқиға

Канал суында мұз болып қалған белгісіз ер кісінің мәйіті табылды (Фото)

Канал суынан белгісіз ер кісінің мәйіті табылды. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бейнежазбаны ТікТок қолданушысы жариялады. Автордың мәліметінше, оқиға бүгін болған. Видеодан үстіне футболка мен бұтына шалбар киіп, екі қолын кеудесіне қойып қатып қалған ер адамды көруге болады. Судан оның иегімен екі қолы ғана шығып тұр. Ал сырт киімдері канал маңында жатыр.

Мәйіттің нақты қай өңірде табылғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Желі қолданушылары да ер кісінің денесі қайдан табылғанын білмей дал болды. Кейбірі ер азаматты әлдекімдер қасақана өлтіріп, суға тастап кеткен десе, енді марқұм ішімдік ішіп суға түскен деген болжамдарын жасады.

«Құдайым-ау бір үйдің асыраушысы», «Алла сақтасын», «Жауыздар, барлығын Алла көріп тұр», «Адамдар не боп барады?», «Өлтіріп кеткен бе? Иманды болсын», «Мас болған адам ғой. Қызынып суған түсемін деп киімін шешіп, сол беті тұра алмай қалған», «Бұл жерде жалғыз өзі болмаған-ау, жанында адамдар болған сияқты», «Өлтіріп тастап кеткен ғой», «Меніңше мас боп түскен сияқты» деп жазды желі қолданушылары.

Фото: exk.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.