Қылмыс/Оқиға

Байбек заңгері Ж.Мамайдың дәлелдері туралы: «Құжаттар емес, тек шашыраңқы, сылдыр түсініктемелер жиынтығы ғана»

5
(1)

Кеше, яғни маусымның 4 күні Б.Байбектің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап-арызы бойынша соталды отырысы өтті.

Осы кезеңде Азаматтық процесстік кодекске сәйкес Байбектің өкілі берген талап-арыздың мәні бойынша материалдар жинау аяқталыпты. Демек, алдағы уақытта екі тарап арасындағы дау-дамай негізгі сот процесі арқылы шешіледі деген сөз.

Жалпы кешегі сот отырысының барысы туралы біз Байбектің заңгері Айжан Ташенованың әлеуметтік желідегі Facebook парақшасындағы пікірін салуды жөн көрдік. Таныса отырыңыздар!

«Кеше кешке (3 маусым) жауапкерлер барлық ықтимал мерзімді бұза отырып, әзер дегенде біздің талап-арызымыз бен дәлелдерімізге қатысты өздері 13 сәуірде жариялаған мәліметтерінің дұрыстығын растайды-мыс деген пікірді (отзыв) ұсынды.

Байқағанымыздай, жауапкерлер пікірді (қарсылықты) отырыс күні қарсаңында жұмыс күні аяқталудан бір сағат қана бұрын әдейі тапсырған сияқты. Мүмкін бұл бізді танысып үлгермейді және танысып шығуға қосымша уақыт сұрайды деп есептегеннен болар», – дейді Байбектің заңгері.

Алайда Ташенованың сөзіне сенсек, олардың бұл әрекетіне қарамастан, ол бір кеште 16 беттен тұратын пікірмен және «дәлелдер» деп аталатын 2 мың беттен тұратын қосымшамен танысып шығыпты. Сөйтіп талапкер жағы жауапкерлердің Б.Байбекке қарата жария түрде айтқан бірде-бір айыптауларына ешқандай құжаттық дәлел жоқ екенін жеткізіп отыр.

Сондай-ақ Ташенованың айтуынша Мамай мен Иманбаева ұсынған дәлелдер көбіне анық емес анонимді және күмәнді арналардан алынған мәліметтерді қамтиды екен.

«Егжей-тегжейлі талдау жауапкерлер ұсынған құжаттар Ж. Мамай жария түрде мәлімдегендей құжаттарды емес, тек шашыраңқы, анық емес және сылдыр түсініктемелер жиынтығын қамтитынын көрсетті. Интернет-сілтемелерден, мақала тақырыптарынан, фамилиялардан және БАҚ-тан алынған цитаталардан тұратын тұтас быламық. Пікірде көрсетілген көптеген ақпарат көздерінің сот ісіне мүлдем қатысы жоқ. Көптеген болжамдар мен алып-қашпа әңгімелер, фактілерді бұрмалау мен өз еркіне сай түсіндіруден тұрады. Бір сөзбен айтқанда, бұлардың барлығын макулатура дегеннен бөлек басқаша атай алмаймын. 

Мысалы, пікірде «Uzun Qulaq» анонимді телеграмм арнасына, «Басе» деген өте күмәнді шетелдік ютуб-арнаға, талаптың мәніне ешқандай қатысы жоқ адамдардың аккаунттарына сілтемелер бар», – деп пікірімен бөлісті талапкердің өкілі.

Осы айтылғандардың барлығын дәйектеу үшін адвокат таяу күндері әлеуметтік желілерге пікір және оған қоса берілген материалдар бойынша егжей-тегжейлі талдауды салатынын жеткізді.

Айта кетейік, сот екі тарапты да тыңдап, соталды дайындықтың өткенін, енді негізгі процесс 14 маусымда басталатынын хабарлады. Судья Райхан Сартаева алғашқы отырыстың уақытын сағат 10:00-ге бекіткен. Алайда, жауап беруші тарап бұл уақытты 9.30-ға қойды сұрады. Судья олардың өтінішін мақұл көрді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button