Қылмыс пен оқиға

Түркістан тұрғынынан екі қару мен 100-ден астам оқ-дәрі тәркіленді

Түркістандық полицейлер жергілікті тұрғыннан екі қару мен 100-ден астам оқ-дәрі тәркіледі, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері мен Созақ ауданының полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен еш жерде тіркелмеген 2 қару мен оқ-дәрілер тапты.

Нақтырақ айтсақ, қылмыстың алдын алу бағытында қызметте жүрген полицейлер, жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде қару-жарақ заттарын заңсыз сақтайтынын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Созақ ауданының тұрғынын анықтап, оның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде күдіктінің үйінен заң талаптарына сай келмейтін 1 дана ойық ұңғылы қару мен 1 дана 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіледі. Сондай-ақ 100-ден астам оқ пен 6 дана атылған оқ алынды. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Фото: Polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.