Қылмыс/Оқиға

Оқ арқылы атыс қаруының нұсқасы мен түрі қалай анықталады? Маман жауап берді

Ішкі істер министрлігінің криминалистикалық оқ-қару қоймасы бар

Newsroom.kz порталы –  Бұл туралы Криминалдық полиция қызметкері Жанболат Қамаров айтып берді деп хабарлайды BAQ.KZ  сайтына сілтеме жасап

» Ішкі істер министрлігінің криминалистикалық оқ-қару қоймасы бар. Онда ашылмаған қылмыстардан, оқиға орындарынан жеткізілген оқ-гильзаларды, тәркіленген қарулардан атылған оқ жеткізіледі. Қызметкерлер жеткізілген оқ-қаруларды автоматтандырылған іздестіру жүйесіне енгізіп, бізге бағыттайды. Яғни, Қазақстанның барлық өңірінен жеткізіледі,»- деді ол.

Жанболат Қамаровтың айтуынша, оқ-дәрілер микроскоп арқылы қарап, зерттеледі.

«Атылған қарулардан жіберілген оқ-гильзалар бар. Солармен ашылмаған қылмыстар бойынша оқты қарау жұмысын жүргіземіз. Яғни, атыс қаруының нұсқасын, түрін және жүйесін анықтаймыз. Сол арқылы сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, анықталған оқтар әкелінген өңірлерге бағытталады. Ол анықталып жатса, тергеуші немесе сот-сараптамалық орталығы сараптама тағайындайды. Себебі біз зерттеумен ғана айналысамыз, сараптама заң бойынша бізден сот-сараптамасына тапсырылды,» – деді Қамаров.

Оның айтуынша, баллистика бөлімі суық қаруды емес, криминалистикалық оқ-гильзаларды зерттейді.

«Оқ-гильзаны зерттеу уақытын нақты айту қиын. Оқ-гильзалар калибрлерге жіктеледі. Сондықтан кейбір оқты анықтау оңайға соқса, кейбіреуін зерттеу күрделі болады. Бізде жиналған қор да баршылық. Сондықтан ол көп уақыт алуы да мүмкін. Кейде бір гильзаның өзін анықтау көп уақытқа созылуы мүмкін. Оқтың да қаруға қатысты жеке сипаттамалары болады. Оны дәлелдеу керек болады. Сондықтан қандай қарудан атылғанын анықтау үшін бір немесе екі күн, әлде жарты сағат кетеді деп нақты айту мүмкін емес. Бірақ біз мүмкіндігінше жылдам қарауға тырысамыз,» – дейді Жанболат Қамаров.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.