Қылмыс пен оқиға

Жамбыл облысында жігіт өз туысын өлтірген

Оқиға Талас ауданындағы Қаратау қаласында болған.

Ал, Жамбыл облысында 26 жастағы жігіт өз туысын таспен ұрып өлтірді. Ағайындар араларындағы араздықты сөзбен шеше алмай, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Салдарынан інісі туыс ағасының ажалына себепкер болды. Бұл туралы  newsroom.kz тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Талас ауданындағы Қаратау қаласында болған. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, ауласында күйеуі мен оның туысы төбелесіп жатқанын хабарлаған. Сөйтсе, 1995 жылы туған азамат ағасының шаңырағына келіп, ұрыс шығарған екен. Оның соңы төбелеске ұласқан. Жұдырықтасу кезінде інісі қолына тас алып, туысының басынан бірнеше мәрте соққан. 44 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болма пты. Ал күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен көз ұзамай қолға түсті. Қылмыс кезінде ол мас болған.

 «Күдікті сол күні ұсталып, кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі , яғни, «Кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды», деді Әбсамат БЕКМҰХАМБЕТОВ, облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы .

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.