Қылмыс/Оқиға

Оралда қарақшылар тал түсте несие беретін кассир әйелді қорқытып, тонап кетті

0
(0)

Оралда қарақшылар тал түсте несие беретін кассир әйелді тонап кетті.  БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 маусым күні С.Тюленин көшесі бойында болды. Сағат 13.20-да көпқабатты үйдің астында орналасқан шағын несие пунктіне жасы 20-25-тердегі белгісіз екеудің басып кіріп, тонап кеткені жөнінде 102 телефонына қоңырау шалынған. Қарақшылар пышаққа ұқсас затпен қорқытып, кассир әйелдің 60 мың теңгесін ашықтан-ашық тартып алып, тайып тұрған.

Дегенмен 10 минуттан кейін Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері А.Шулимов пен А.Бақытжанов күдіктінің бірін қолға түсірді. Ол Атырау қаласының 1996 жылғы тұрғыны болып шықты. Одан заттай айғақтар мен пышақ тәркіленді.

Көп ұзамай екінші күдікті де ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button