Қылмыс/Оқиға

Түркияда ұсталған террорист – қазақстандық туралы ақпарат берілді

0
(0)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркияда ұсталған қазақстандық туралы ақпарат таратты.

Оның аты-жөні – Аманбек Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. Ер адам 2015 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған.

Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Айта кетейік, 19 ақпанда ДАИШ* құрамында болған қазақстандықтың Түркияда ұсталғаны хабарланды. Ол «қызыл» деңгейдегі іздеуде болған. Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кіруге әрекет жасады.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес, террористік әрекетке қатысы бар Қазақстанның 40 азаматы халықаралық іздеуде жүр.

*Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button