Қылмыс/Оқиға

100-ден аса қызметкерінен заңсыз ақша алып келген ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды

0
(0)

Павлодарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ұстады.

«Сондай-ақ, ол орынбасарымен бірге төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен сегіз мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жария етілмейді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкері жүк көліктері жүргізушілерінің пара бергенін видеоға түсіріп алған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button