Қылмыс/Оқиға

3 жасар қызын сабаған әйел 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

0
(0)

Петропавлда 22 жастағы әйел өзінің үш жасар қызын оңдырмай сабап тастаған. Соның салдарынан араға біраз уақыт салып қызы қайтыс болған. Қазір әйелдің ісі қайта қаралды. Енді айыпталушы 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгінде келіншек күдікті ре­тінде тергеу изо­ляторында отыр. Солтүстік Қазақстан облы­сының полициясы үш жасар қыздың өліміне қатысты іс қайта қарал­ғанын хабарлады. «Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына біле тұра ауыр зиян келтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қыздың қайтыс болуына бай­­ланысты іс Қыл­мыстық ко­декстің 106-бабы 3-бөлігіне қай­та са­раланды, онда 8-ден 12 жыл­ға дейін бас бос­­­тан­дығынан айыру түріндегі жаза көзделген» деп хабарлады СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері. Құқық қорғау органдары тергеу Солтүстік Қазақстан облысының Полиция депар­таменті мен прокуратура бас­шылығының ерекше бақы­­лауында екенін айтты. Айта ке­тейік, үш жасар қыз 27 ақпанда қайтыс болған еді. Ол 17 қаңтарда ес-түссіз күйінде ауруханаға жет­кізілген. Бұл туралы по­лицияға дәрігерлер хабарлаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button