Қылмыс пен оқиға

ШҚО-да 47 жастағы әйел зорлықпен өлтірілген

ШҚО полицейлері кісі өліміне қатысты өткен жылы жасалған қылмыстың бетін ашты, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген Ұлан ауданы тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.

2022 жылдың 16 тамызында жергілікті тұрғын Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне өзінің 47 жастағы әпкесі үйден шығып кетіп, қазіргі уақытка дейін оралмағаны туралы хабарлаған. Полицейлер оның Ұлан ауданында тұрып, жұмыс істегенін және үш баланың анасы екенін анықтаған. Полицейлер аталған деректі тіркеп, дереу жоғалған адамды іздеуге кіріскен.

Бес айдан артық уақыт бойы ШҚО полицейлері 47 жастағы жоғалған адамды үздіксіз іздестірді. Барлық полиция бөлімшелеріне жоғалған тұлғаның белгілерімен бағдарлар жолданды.

3 қаңтарда Ұлан АПБ-ға жеке үйдің ауласында әйел адамның сөмкесі табылғаны туралы және ішінде жоғалған әйелдің жеке куәлігі бар деген жедел ақпарат келіп түскен. Полиция қызметкерлері келіп, аймақты қарап, қазу барысында іздестіруде жүрген. зорлықпен өлтірілген әйел адамның мәйітін тапқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Аталғандерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған адамға қатысты сот күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.