Медицина

О, Тәңірім! Ковидтың «омикроны» туралы не білеміз?

Мұнай бағасы мен тікелей биткойнға әсер еткен омикрон туралы.

Африка құрлығының Боствана және ОАР елдерінде кеңінен тарап жатқан ковидтың «омикрон» атты түрі онсыз да тыншымаған әлемді дүр сілкіндіріп алды.

Мұнай бағасы мен тікелей биткойнға әсер еткен омикрон туралы newsroom.kz порталы vesti.ru сілтеме жасай отырып жазады.

Аталмыш ауру түрі ковидпен бұрын ауырған, вакцина салдырған адамдарға да жұға береді. Сол үшін уақытылы ревакцинацияны уақытылы істеткен дұрыс дейді медицина мамандары.

Омикрон жұқтырған адамдарда бас ауру, түшкіру және дененің жалпылама әлсіздігі білінеді екен. Омикроннан өлген адам әлі тіркелмеген. Ғалымдар болса, бұл дерт туралы жан-жақты зерттеуде. Америкалық ғалымдар қазіргі қолданыстағы вакциналарды омикронның форматына модификациялау қиын емес деп мәлімдеген. Бұл дерттен де сақтанудың жолы ортақ: жаппай маска тағу, қолды жиі жуу һәм көпшілік орынға жиі бармау омикронның алдын-алудың бірден-бір жолы дейді сарапшылар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.