Медицина

Балаларға тегін медициналық қызмет көрсетілетін болады

Қазақстандық балалар медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдардан тегін медициналық қызмет алатын болады, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Биыл мектеп оқушылары үшін кәсіптік қарау мен сауықтыру іс-шараларына 26,1 млрд теңгеге шарт жасалды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, балалар жеңілдік қарастырылған және мемлекет есебінен МӘМС-да сақтандырылған. Балалар медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдардан тегін медициналық қызмет алатын болады.

«Бұрын мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған. МӘМС жүйесін енгізу арқылы ол жеке позицияға шығарылды. Бұл мектеп жасындағы балаларға арналған алдын алу шараларының кең ауқымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл медицинаның осы бөліміне кәсіби тексерулердің толықтығын тексеруге, аурулары анықталған балаларды дер кезінде Д есебіне тіркеуге, барлық стандарттардың сақталуын бақылауға және тағы басқаға ерекше назар аударылатындығын білдіреді», – делінген хабарламада.

Мектеп медицинасының тарифіне вакцинация, жыл сайынғы профилактикалық тексеру, тіс дәрігерінің тікелей оқу орнында өткізілетін тексеруі кіреді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.