Медицина

Инсультке кімдер жиі шалдығады?

5
(2)

Халықаралық зерттеушілер тобы ашуланшақтық инсульт алу ықтималдығын арттырады деп мәлімдеді. Ғалымдар 32 елдегі инсультпен ауыратын 13 мыңнан астам науқастың деректерін зерттей келе осындай қорытындыға келген.

«Инсульттің алдын алу көптеген дәрігерлер үшін маңызды, бірақ бұл саладағы кейбір жетістіктерге қарамастан, біз әлі де инсульттің қашан болатынын нақты болжай алмаймыз. Көптеген зерттеулер гипертония, семіздік және темекі шегу сияқты орта және ұзақ мерзімді факторларға бағытталған. Біздің зерттеуіміз инсультті тудыруы мүмкін қысқа мерзімді факторлардың әсерін қарастырды », – дейді Голуэйдегі Ирландия Ұлттық университетінің жетекші авторы Эндрю Смит.

Ғалымдар медициналық көрсеткіштерді талдап, ишемиялық инсультпен және миішілік қан кетумен ауыратын науқастардың мінез-құлық үлгілерін анықтады. Мұндай әрбір 11-ші адам инсульттан бір сағат бұрын қатты ашуланған немесе жағымсыз эмоцияны бастан кешірген. Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсультқа шалдығады. Оның 5 мыңы бірден көз жұмады. Тағы 5 мың адам алғашқы айда қайтыс болады. Ал, қалғандары ауыр мүгедектікке шалдығады.

Инсультқа қарсы @neuro.damu қоғамдық қайырымдылық қоры инсульттің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, жоғары қан қысымы болса бақылауға алып, шылым шегуден бас тартып, ашуланбауға шақырады. САҚ болыңыз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button