Медицина

Смартфон экранындағы микроб дәретханадан да көп

Смартфоннан инфекция жұғуы мүмкін. Экраны жуылып-тазаланбағандықтан адам ағзасына қауіпті микроб пен вирустың ауру ошағына айналу қаупі бар. Осылай дейді Ұлыбританияның Суррея университетінің мамандары, деп Newsroom.kz хабарлайды massaget.kz дерккөздеріне сүйене отырып.

Мамандар күнделікті ұстап жүрген смартфонның экраны мен сыртқы қабатынан сынама алып тексеріп көрген. Сонда қауіпті ауру туғызатын патогенді бактериялардың смартфонда қаптап жүретінін байқаған.

«Атап айтқанда, тері мен ішек ауруына әкелетін инфекциялар, пневмония мен менингит сынды қауіпті бактериялардың барын байқадық. Кей жағдайда гаджеттің корпусындағы бактериялар дәретханадан 18 есе көп болуы мүмкін», – дейді мамандар.

Сондықтан инфекционист мамандар смартфонның экранын жиі сүртіп, қолды барынша жуып жүрген дұрыс дейді. Смартфон ұстаған қолмен бет-жүзді ұстауға болмайтынын да айтады.

Тағы бір айта кетерлігі, гаджетпен әжетханаға кіріп-шығуды доғарған жөн.

Фото: massaget.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.