Кадрлар кабинеті

«СҚ-Фармация» төрағасының айлық жалақсы – 1,3 миллион теңге

Бұл туралы төраға Ерхат Есқалиевтің өзі айтты

0
(0)

 

«СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өзінің бұл қызметте қанша жалақы алатынын айтыпты. Бұл туралы ол «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Төрағаға айына 1 миллион 300 мың теңге, оның орынбасарына 900 мың теңге, басқарушыларына 450-ден 650 мың теңгеге дейін еңбекақы төленеді екен.

Есқалиевтің үш басқарушысы мен бір орынбасары бар. Спикер сонымен бірге коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы баяндап, қоймада екі айға жететін дәрі-дәрмектің бар екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «СҚ-Фармацияның» баспасөз қызметі компания қызметкерлерінің жалақысын жария еткен болатын. Қазіргі уақытта менеджер – 200 000 теңге, бас менеджер – 350 000 теңге, әкімшілік-басқару персоналы – 450 000 теңге көлемінде жалақы алады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close