Кадрлар кабинеті

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін, 23 сәуірде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен ішкі саясат басқармасының басшысы болып Нұртас Сали тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Маңғыстау облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұртас Сали «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Маңғыстау-Медиа»ЖШС контент-менеджері болып бастаған.

2014-2017 жылдары-Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы , 2019 жылдан 2022 жылға дейін ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарды.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ұжымға басқарманың жаңа басшысын таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

 

 

Тілші БАЛА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.