Кадрлар кабинеті

Белгілі журналист Қуат Әуесбай жаңа қызметке тағайындалды

0
(0)

Белгілі журналист, Túrkistan халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті болып сайланды. Мұндай шешім клуб мүшелерінің басқосуында қабылданды деп жазады newsroom.kz порталы. 

Басқосуға Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, вице-президент Мұратбек Тоқтағазин, атқарушы директор Әсем Есілбаева, клуб мүшесі «Білімді ел» республикалық газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанова қатысты.

Клубтың пандемия жағдайында атқарған жұмысы мен ұйымдастырған іс-шаралары туралы атқарушы директор Ә.Есілбаева баяндады. Бұдан кейін Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай белгілі журналист, республикалық Sport газетінің бас редакторы, клубтың вице-президенті болған, биыл дүниеден өткен Дүрәлі Дүйсебайды еске алып, қаламгердің атқарған жұмысы, жалпы қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі елеулі екенін айтты. Бұдан кейін Бибігүл Нұрғалиқызы клубтың жаңа вице-президенті қызметіне Қуат Әуесбайдың кандидатурасын ұсынды. Басқосуға қатысқан және онлайн қосылған клуб мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Жаңа вице-президентке халықаралық ұйымдармен байланысты күшейтіп, шетелдегі қазақ тілді БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас жасау бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button