Кадрлар кабинеті

Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды

3
(2)

Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2020 жылғы 12 қараша күні Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының  президенті Неджмеддин Билал Эрдоганның төрағалығымен өткен отырыста (онлайн форматта) Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы жанынан құрылған Орталық Азия комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Комитет құрамына дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды дамыту, насихаттау және одан ары ілгерілетуді көздеген Азия құрлығының 10 мемлекеті еніп отыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлері – көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, бәйге түрлері, құсбегілік, дәстүрлі садақ атуды дамыту, насихаттау және ілгерілетуді жүзеге асыратын заңды негіздегі аккредиттелген жалғыз ұйым.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close