Кадрлар кабинеті

Ысқақ Егембердиев жаңа қызметке тағайындалды

5
(2)

«Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің жаңа директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Атырау облысының коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау-ақпарат» ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​ Одан кейін ​ 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ “Сарыарқа”, “Мысты өңір”​ ​ ​ ​ газеттерінде тілші болып бастаған.

2003-2004 ж.ж.​ “Қазақ университеті”,​ “Жас Алаш”​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.

2005-2019​ жылдары аралығында​ “Хабар” агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен.

2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазіргі уақытта «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым. Қазіргі уақытта холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close