Кадрлар кабинеті

Дәулет Кәрібек «AMANAT» партиясының Хатшысы болып тағайындалды

Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы болып Дәулет Кәрібек тағайындалды деп жазады партияның телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.

2009 жылдан бастап «Jas Otan» ЖҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.