Кадрлар кабинеті

Әкем – шахтер, анам -мұғалім: Премьер кеңсесі басшысының су жаңа орынбасары кім?

Екеуі де қазір зейнетте.

Бүгін белгілі журналист Руслан Желдібай ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ол осы уақытқа дейін Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған еді.

Осы орайда Желдібай кімнің туысы, қандай дәу дөкейдің қызын алған сүйікті күйеу балалардың бірі ме деген сұрақтар қойылып, жұрт жабыла бір-бірінен сұрай бастады.

Ашықтықты көздейтін Р.Желдібай Үкімет басшысының кеңсесінде коммуникация мен қазақ тіліне жауап береді екен. Өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Руслан Сұлтанұлы былай деп жазды:

Бұл қызметте Үкіметтің коммуникациясына жауапты боламын. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Асқанұлы Смайылов Үкімет мүшелеріне, министрліктерге БАҚ өкілдеріне ашық болуды, олармен сенімді әрі тиімді байланыс орнатуды тапсырып отыр.
Сонымен қатар, Үкімет өз жұмысында қазақ тіліне ерекше көңіл бөліп, мемлекеттік тілді дискриминациялауға жол бермеуді көздеп отыр.
Бір сөзбен айтқанда, жұмыс жетеді. Идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызға әрдайым ашықпын.
P.S. Пікірлерде кейбір азамат ата-анам жайлы сұраған екен. :)) Әкем – шахтер, анам -мұғалім. Екеуі де қазір зейнетте.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.