Кадрлар кабинеті

Асхат Оралов Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып тағайындалды

5
(1)

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Оралов Асхат Раздықұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ хатшылығында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Әкім орынбасары ретінде Асхат Оралов әлеуметтік бағыттарға жетекшілік ететін болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button