Кадрлар кабинеті

Ауыс-түйіс басталды: Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметте

5
(1)

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласында спорт мектебіне басшылық қызметке келді.

«Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков тағайындалды.

Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.

Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000 жылы), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999 жылы), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998, 2002 және 2006 жылдары). ОҚО, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері.
Мұхтархан Қобланбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button