Кадрлар кабинеті

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап

Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

2000-2004 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.

2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.

2019 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.