Кадрлар кабинеті

Азамат Сқақов Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының вице-президенті болды

4.2
(53)

Орталық кеңес төрағасы А.Ж.Игбаевтың келісімімен «Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының құрылтайшыларының жалпы жиналысында Сқақов Азамат Нұрлыбекұлы Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және «Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы» заңды тұлғалар және жекеменшік кәсіпкерлер қауымдастығының Жарғасынының 30-бабын негізге алап отырып, Скаков Азамат Нұрлыбекұлын 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап вице-президент қызметіне тағайындауды бұйырамын», – делінген хабарламада.

Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы 2009 жылы қыркүйекте «АгроОдақ Қазақстан» ауыл шаруашылық фермерлері қоғамдық бірлестігі» қауымдастығының негізінде құрылған.

ҚҰАП-ның басты мақсаты – палатаға мүшелердің мүддесі мен құқығын қорғау, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен агробизнес өкілдері арасында диалог ұйымдастыру, ауыл шаруашылық саласында ортақ стратегия құру.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 53

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close