Кадрлар кабинеті

Қытай қазағы Шыңжаңда партияның бас хатшысы болды

5
(3)

Қазанның 27-сі күні таңертең ШҰАӨ партия комитетінің бас кеңсесі мәжіліс өткізді. Аталған жиынды автономиялық өлке партия комитетінің тұрақты комитетінің мүшесі, бас хатшы Қаден Кәбенұлы басқарып, жүргізді.

Жоғарыдағы мәліметтер Қаден Кәбенұлының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі партия комитетінің бас хатшысы қызметіне тағайындалғанын көрсетеді, деп хабарлайды Қытайдың CNR басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, Қаден Кәбенұлы 1969 жылы туған, ұлты қазақ. 1992 жылы Далянь технологиялық университетін бітіргеннен кейін Шыңжаң химиялық жобалау және ғылыми-зерттеу институтында және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі инвестициялық компаниясында жұмыс істеген. Қаден Кәбенұлы 2012 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі экономикалық және ақпарат комиссиясы директорының орынбасары, 2016 жылы Шыңжаң өлкесі Қоршаған ортаны қорғау басқармасының партиялық тобының хатшысының орынбасары және директоры қызметтерін атқарды.

Қ. Кәбенұлы 2017 жылдың наурыз айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі, Алтай аймағы партия комитеті хатшысының орынбасары және аймақтың әкімі болған. 2021 жылдың маусым айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Іле қазақ автономиялық облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және облыс губернаторының міндетін атқарушы болып қызмет еткен. Одан кейін осы қызметке, яғни Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі партия комитетінің тұрақты комитетінің мүшесі және бас хатшысы болып тағайындалды. Айта кетейік, Қаденді қазақтар арасынан шыққан «Қызыл екінші буын» деп атауға болады. Олай аталуының себебі – Қытайда жоғары билікке шыққан тұлғаның әкесі иә шешесі аталған елдің әкімшілік, партиялық жүйесінде жоғары лауазымды қызмет атқарған немесе бизнес саласында үлкен жетістікке жеткен болуы керек.

Оның әкесі Кәбен ақсақал ШҰАР Партия комитеті Ұйымдастыру бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button