Кадрлар кабинеті

Экс-сенатор жаңа қызметке Төраға болып барды

1994 жылы Талдықорған ағаш өнеркәсібі бірлестігінің аңшылық бөлімінің жетекші инженері лауазымынан бастады.

Бүгін Экология министрі С. Брекешев ұжымға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жаңа басшысы Нұрлан Қылышбаевты таныстырды деп жазады оның баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, Н. Қылышбаев 1971 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ орман шаруашылығы институтын «Орман шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша және Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Талдықорған ағаш өнеркәсібі бірлестігінің аңшылық бөлімінің жетекші инженері лауазымынан бастады.

Әр жылдары ол ІІМ органдарында, Алматы мен Жамбыл облысы әкімдіктерінде жауапты қызметтер атқарды.

Сонымен қатар, Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Н. Қылышбаев 2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

Министр С.Берекешев Н. Қылышбаевқа жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.