Кадрлар кабинеті

Әзімхан Қойлыбаев жаңа лауазымға тағайындалды

5
(2)

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен  Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы болып Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзімхан Серікұлы 1973 жылы 29 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Корниловка ауылында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар.

Еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұстаз жаттықтырушысы болып бастады.

2002-2005ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық спорт, туризм  және жастар ісі бөлімінің бастығы.

2005-2006ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық білім және спорт бөлімі  меңгерушісінің орынбасары.

2006 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында Түлкібас ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған.

2006-2008ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімінің бас маманы.

2008-2009ж.ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі заң департаменті нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу және құқықтық  жұмыс басқармасының сарапшысы.

2009-2012ж.ж. ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сарапшысы.

2012-2013ж.ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі министр хатшылығының меңгерушісі.

2013-2015ж.ж. ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары. 2016 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы.

2016-2017ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінің бас инспекторы.

2017-2018ж.ж. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-сі директорының орынбасары.

2019 жылдың шілде айынан бастап Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.

2020 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы мәдениет басқарма басшысының міндетін атқарып келеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close