Жаңалықтар

⁠Алтын мен күмістің құны төмендеді

Әлемдік нарықта алтын мен күмістің құны төмендеді. Алтынның бір унциясы 4 050 долларға дейін арзандаса, күмістің бағасы шамамен 1%-ға түсіп, 54 долларға жуықтады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Бағалы металдар нарығындағы өзгерістер инвесторлардың назарын аударып отыр. Ал платина керісінше қымбаттап, бір унциясы 1 542 долларға бағаланған.

Сарапшылар энергия бағасының өсуі инфляцияға қатысты алаңдаушылықты күшейткенін айтады. Қазір инвесторлар АҚШ Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатына қатысты шешімін күтіп отыр.

Сарапшылар реттеуші базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде сақтауы мүмкін деп болжайды.