Жаңалықтар

Қазақстан қоғамдық тәртіп деңгейі бойынша бірқатар елден озып кетті

Қазақстан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейі бойынша 143 ел мен аумақтың арасында 41-орынға ие болды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

World Justice Project ұйымының 2026 жылғы зерттеуінде елдердің қылмыс, қарулы қақтығыстар мен саяси зорлық-зомбылықтан қорғалу деңгейі бағаланған.

Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстан Франция, Италия, Португалия, Грузия, Түркия және Ресейден жоғары орналасқан. Соңғы төрт жылда еліміздің нәтижесі жақсарып, 2023 жылғы 44-орыннан 41-сатыға көтерілген.

Ал Құқық үстемдігі индексінің жалпы рейтингінде Қазақстан 67-орынға жайғасты. Бұл рейтинг сегіз бағытты қамтиды. Көш басында Дания тұр.